Қазақстанда теміржол билеттері тағы қымбаттайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мұндай қадамға жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсарту үшін барып отырғандарын айтады. Компания өткен екі жылда 159 вагон сатып алған, осы жылдың 1-тоқсанында 50 ескі вагонды жаңасына ауыстырмақ. Компанияның ресми өкілі ТМД төңірегіндегі ең арзан жолаушылар тасымалы Қазақстанда деп отыр.
Мәди Мұхамедқали, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:
- Қазақстан Республикасында жолаушыларды тасымалдау жол жүру құны көрші мемлекеттерден қарағанда салыстырмалы түрде төмен болып табылады. Мәселен, Ресей Федерациясында билеттің орташа құны Қазақстанмен салыстырғанда 1,8 есеге жоғары болса, Өзбекстан және Украинада билет құны 1,2 есеге қымбат.