Ковидке қарсы IT өнім: мектептерде дене қызуы мен бетперденің бар-жоғын анықтайтын құрылғы орнатылуда
Ол келушілердің бет әлпетін ақпараттық базаға енгізілген деректермен салыстырады. Дене қызуын өлшеп, бетперденің болуын қадағалайды. Сөйтіп мектепке бөгде адамдардың кірмеуін, ауру белгілері бар оқушылар мен ұстаздардың өтпеуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ адамдардың келіп-кету уақытын тіркеп отырады. Ата-аналар бұл ақпаратты арнайы мобильді қосымшадан біле алады. Егер пилоттық жоба тиімділігін көрсетсе, болашақта оны өзге де мектептерге орнату жоспарда бар.
Әділет Нұрғожин, «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы:
- Ең бастысы, бұл жоба балалардың қауіпсіздігіне негізделіп жасалған. Балалардың қай уақыт мерзімінде мектеп қабырғасына келіп, қай уақыт мерзімінде мектептен шыққанын қадағалайды. Бұл мектеп әкімшілігі мен ата-аналар тарапынан да қолдау тауып отыр.