Бүлік салдарын жоюға және қалаларды қоқыстан тазартуға волонтерлер жұмылдырылады
Осы мақсатта ҚР Ақпарт және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйытқы болуымен елордада волонтерларды үйлестіру орталығы құрылды. Осы ретте қазіргі таңда волонтерлерге қатысты мәліметтерді жинау және күшті жұмылдыру жұмысы қолға алынып отыр. «Бастама елдегі жағдай толық қалыпқа келгеннен кейін жүзеге асырылады», – дейді ұйымдастырушылар.
Лима Диас, ҚР АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы:
- Волонтерлер ел бойынша ақпараттандыру қызметін де көрсетеді. Елде қалыптасқан жағдайға бейжай қарамайтын барлық азамат осынау игі іске өз үлесін қоса алады. Бірақ төтенше жағдай режимі мен санитариялық талаптарды қатаң сақтауды ұмытпауы тиіс. Еріктілер қозғалысы көмекке мұқтаж жандарға гуманитарлық және психологиялық жәрдем көрсетеді. Залал келген нысандар мен көшелерді қалпына келтіру жұмыстарына атсалысады.