Екі ай ішінде халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған бағдарламалар қабылданады
Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин осыған мән берді. Парламентке келіп түскен кезек күттірмес заң жобаларының бірі – тұрғын үй саясаты. Құжатта екінші деңгейлі нарықтағы жалдамалы баспананы әлеуметтік әлсіз топтарға субсидия есебінен беру тетігі қарастырылады. Банкротқа ұшыраған жеке тұлғалардың банк алдындағы несие қарызын жеңілдетуге бағытталған құжат та, халық қалаулыларының талқысына салынбақ. Бұл ретте Мәжіліс төрағасы, депутаттар заңдарды қабылдау кезінде тек Үкіметпен ғана емес, азаматтық қоғам және сарапшылармен де қоян-қолтық жұмыс істеу керектігін айтты.