Хабар телеарнасы

COVID-19: тәуліктік өсім 3 млн-нан асты

Бұл – пандемия басталғалы тіркелген антирекорд. Соңғы рет ең үлкен тәуліктік көрсеткіш өткен аптада расталған болатын. Ең көп оқиға АҚШ-та тіркелді. Мұнда қазір науқастар арасында балалар көбейген. Бір аптада елде ауруханаға түскен жеткіншектер мен бүлдіршіндер саны 80% артқан. Мамандар вирус жұқтыру оқиғаларының күрт артуын  «Омикрон» штамының тез тарауымен байланыстырып отыр.