Хабар телеарнасы

Шымкентте кәсіпкерлік нысандардың 90% Ashyq жобасының талаптарын сақтамай отыр

ашык

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері аймақта вирустың таралуын тоқтату үшін тәртіпті қатаң сақтау керектігін ескертті.

Қазір қызыл аймаққа қайта оралған Шымкентте әр тәулік сайын 300-ден астам адамнан індет белгілері анықталып жатыр.

Нұрлан Қабыштаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы:

– Шымкент қаласы ұзақ уақыт «жасыл аймақта» болғандықтан бізде лидерлердің саны да азайып кеткен болатын және белсенді түрде Ashyq жобасын қолданбайтын азаматтардың саны көбейіп кетті. Қазіргі таңда шамамен 7 мыңға жуық субъектілер 1 аптаға шеттетілген. Қазір қайтадан «қызыл аймаққа» кірдік. Сондықтан Ashyq жобасын қайтадан актуалды түрде қолдануға мәжбүрміз.