БҚО-да инфекциялық стационар қайтадан ашылды
Науқастар санының күрт артуына байланысты облыстық көпбейінді аурухана жанынан қайтадан инфекциялық стационар ашылды. Қазір аймақта дәл осындай сегіз емдеу орыны жұмыс істеп тұр. Алты науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жыл басталғалы бері қатерлі дерттен бес адам көз жұмды. Екпе салдыруы қажет тұрғындардың 12%-і ғана қайта вакцина алған.
Бибігүл Айтбаева, облыстық көп бейінді аурухананың бөлім меңгерушісі:
- Біздің бөлімді қайтадан ашты. Қазіргі уақытта жұқпалы бөлімшеде бізде 58 науқас жатыр. Жансақтау бөлімшесінде 2 науқас жатыр. Екпе алған аурулар – 28, екпе алмаған аурулар – 30. Екпе алмаған ауруларда ауыр түрде жүріп жатыр.