Еліміздегі дауыс беру учаскелері референдумға дайын
Еліміздегі дауыс беру учаскелері алдағы референдумға тас-түйін дайын. Бұл туралы Орталық референдум комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіровке әр аймақтың аумақтық референдум комиссия төрағалары жеке-жеке баяндады. Сөздеріне сенсек, өңірдегі дауыс беру учаскелері, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолайлы жағдай жасалған.
Ел аумағынан тыс жерде жүрген 11 350 Қазақстан азаматы дауыс беруге қатысады. БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, саяси науқан күні шетелде 65 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.