Жаңадан құрылған Абай облысында Семей және Курчатов қаласы мен 8 аудан бар
Президент Жарлығына сай Семей енді өз алдына бөлек Абай облысы. Жаңадан құрылған өңірдің еншісінде Семей және Курчатов қаласы мен 8 аудан бар. Ал Шығыс Қазақстан облысына Өскемен мен Риддер қаласы және 9 аудан қарайтын болады. Абай облысында 638 мыңнан астам адам тұрса, Шығыс Қазақстанда 717 мыңнан асады. Аумақ жағынан Абай облысы ауқымды. Оның үстіне бір жазда миллионнан астам турист демалатын Алакөл өндірістік қарқыны мықты Ақтоғай, Бақыршық, Жезкент кен орындары да Абай облысына кіреді.
Құсмилия Нұрқасым, мәдениеттанушы:
- Семей облысы Шығыс Қазақстанға қосылғанда да болған адаммын. Бүгінде Семей Шығыс Қазақстан құрамында тұрып өз миссиясын орындады деп есептеймін. Президент Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасыр» мақаласында Абайға ерекше орын берген, Абайды әлемге насихаттау керек деген. Жаңа облыс сол міндетті атқарады деп ойлаймын.