Түркістандық тұрғын жарты млн теңгеге өз кәсібін дөңгелетіп отыр
Мұратына жетуге мемлекет қолдау көрсетті. Ол «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша курстардан өтіп, бизнес-жоспар әзірлеген. 500 мың теңгенің бастапқы капиталына стартапты іске қостық. Бұл қаражатқа құрал-жабдық сатып алып, косметологиялық салон ашты.
Гүлімхан Сайлаубек, қала тұрғыны:
- Бір жыл ішінде көлемін үлкейттік. Үш төсекке көбейттік және осындай көптеген косметика әкелдік. Құдай бұйырса, әрі қарай тағы бір филиалын ашсақ деген ой бар. Косметология бойынша дүкендер ашқымыз келеміз.
Түркістанда косметология саласы қарқынды дами қоймаған. Сондықтан, кәсіпкердің қызметі сұранысқа ие. Болашақта бірнеше орын ашуды жоспарлап отыр. Жалпы, өткен жылы 200-ден астам тұрғын Гүлімхан Сайлаубек сияқты грантқа ие болған. Десе де жұмыстарын адал атқармай жүргендері де бар.
Айдана Мұсаева, қалалық жұмыспен қамту орталығының жетекшісі:
- Мемлекеттік құзырлы органдардың тексерісі бойынша 55 адам заңсыз алды деп анықталған болатын. Олардың 28-і өз еркімен қайтарды, қалған азаматтар бойынша құжттарды сотқа өткіздік. Соттың шешімі бойынша, мемлекеттік грант қаражаты қайтарылады. Сонымен қатар сегіз адамның қаражатты заңсыз жұмсағаны анықталды.
Биыл Түркістанда 273 бизнес-идеяға қаржы бөлінеді. Ал грант көлемі көбейтілді. Енді мемлекеттік қолдау бір миллион теңгеден асады.
Авторлары: Ақмарал Есімханова, Рауль Ғабитов