Kaspi Жұма қалай өтті?
Қазақстандықтар затты ең тиімді сатып алудың жолы Kaspi Жұма екенін бұрыннан біледі. Тауарлардың саналуан түрі, тегін жеткізу, 24 айға артық төлемсіз, пайызсыз бөліп төлеу. Көптеген адам ірі затты Kaspi Жұмада сатып алу үшін арнайы күтеді. Пандемияға байланысты тиімді сатып алу мерекесі екі жылдай өткізілмеді. Бәрінің асыға күткені байқалады.
Гүлнар Қожақанова, сатып алушы:
- Kaspi Жұма кезінде теледидар сатып алдым. Өйткені біз жақында ғана пәтерге кірдік. Жиһаз алған кезде теледидар жетіспей тұрды. Сол теледидарымызды алдым. Өте қуаныштымын.
Жұлдызай Чушбекова, сатып алушы:
- Kaspi Жұманы күтуді жөн көрдім. Себебі біздің отбасылық қаржымызға өте жеңіл келеді. Сондықтан осы күнді күтіп, тұрмыстық техниканың барлығын сатып алуға келдім. Kaspi-ге көп рақмет!
Айжан Темірбекова, сатып алушы:
- Өте қуаныштымын. 5 минуттың ішінде барлық мәселе шешілді. Бәрі онлайн, үйде отырып-ақ тауарды таңдап алдым.
Бұл Kaspi Жұма ең ауқымды болды. Оған бүкіл ел аумағындағы 70 мыңнан астам дүкен қатысты. 3 күндік мерекеде қазақстандықтар 1 млн-нан астам түрлі тауар сатып алды.
Kaspi Жұмада көбіне тұрмыстық техника, электроника, үйге арналған тауарлар, киім, аяқ киім мен аксессуарлар сатып алған. Сатып алушылар үшін бұл – қуаныш, жақындарына сыйлық, армандардың орындалып, жоспардың жүзеге асуы. Ал сатушылар үшін – жұмыстың қызып, сауда көлемінің артуы.
Динара Байболатова, «Zeta» өндірістік компаниясы директорының орынбасары:
- Kaspi Жұма кезінде үстелдер де, дивандар да – бәрі жақсы өтті. Бәріне ыңғайлы. Көп тауарды қоймадан да алып келіп жатырмыз. Олар да келген бойда өтіп кетіп жатыр. Өте ыңғайлы, жақсы.
Джамил Халилов, «12 месяцев» құрылыс гипермаркетінің әкімшісі:
- Біз, әрине, осыншалықты көп сатып алушы болатынын білдік. Дайындалып, көбірек тауарға тапсырыс бердік. Үмітіміз ақталды. Кезекте тұрған адам көп, сондықтан кофеханамызға шақырып, тегін сусын ұсынудамыз.
Kaspi Жұмада жаңа және ыңғайлы, тегін жеткізудің тәсілі Kaspi Postomat сұранысқа ие болды. Енді курьерді үйде немесе жұмыста күтудің керегі жоқ. Kaspi.kz-тегі интернет дүкенде сатып алу кезінде жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа жеткізуді таңдап, өзіңізге ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.
Валерия Корчагина, сатып алушы:
- Курьерді күту уақыт жағынан ыңғайлы бола бермейді. Постомат арқылы алу өте ыңғайлы. Әрі тура үйімнің жанында, өзіме ыңғайлы уақытта алып кете аламын.
Көптеген елде жеке сатып алу мерекесі бар. Қазақстанда осындай бүкілхалықтық мереке адамдарға өмірін жеңілдетуге көмектесіп, электронды коммерцияның өсуге мүмкіндік беретін Kaspi Жұма болды. Kaspi Жұма – экономикадағы біздің отандық феномен, оның арқасында он мыңдаған қазақстандық шағын және орта кәсіпорындар айналымын көбейтіп, бизнесін дамытады және жаңа жұмыс орындарын ашады.
Авторы: Аршын Кемелжан