Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Жыл басынан бері 99 мың гектар жер қайтарған. Аталған аумаққа 156 адам иелік еткен. Жалпы Жамбыл облысының аумағы 14 млн гектар болса, соның 10 пайызы жекенің меншігінде. Салдарынан өңірде жайылымдық жер тапшы. Жер қатынастары басқармасы, қайтарылған аумақтарды кәсіпкерлерге үлестірмек. Оның өзіндік талаптары бар.

Ботагөз Боранқұлова, облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы: 

-Былтырғы жылдың өзінде егістік жеріміз 25 мың гектар аумақ анықталды. Ал жайылым 152 мың гектар анықталды. Сол бойынша біз жұмыс жасап отырамыз.

Бөгенбай Битабаров, шаруа қожалығының төрағасы:

- 500 га жерді беріп отырмыз. Қазір мына 200 га жер шешілген соң, әрі қарай тағы да беріледі. Жайылымға, егістікке бердік. Бірақ бізге одан ешқандай пайда жоқ. Енді 2-3 жыл, 5 жылға дейін пайдалансын.