Алматыда Талғар су таратқыш құбыры жарылды
Істен шыққан бірінші тармақ 1967 жылы пайдалануға беріліпті. Су желісіндегі апат салдарынан бір жеке меншік үйдің ауласын су басты. Қазір аққан суды өзенге бұрып жатыр. Талғар су қоймасы қамтамасыз ететін абоненттер басқа су тарату желілеріне қосылды. Айта кетейік, Талғар су таратқышы арқылы Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғын үй және әкімшілік нысандары сумен қамтамасыз етіледі.
Серік Шағыров, Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ресми өкілі:
-Бұл құбыр 1967 жылы іске қосылған. Яғни 50 жылдан асып кетті. Тозығы жетіп, осындай жаңағы су ағыны пайда болды. Сусыз қазір тек қана 250 жекеменшік үй және 10 шақты 2-3 қабаттық үйлер ғана. Кеші сағат 8-ге дейін апаттық жағдай қалпына келтіріледі. Су толығымен тұтынушыларға берілетін болады.