Хабар телеарнасы

Теміртау қаласында жылу желісі жаңартылып жатыр

Салдарынан жергілікті халық жылу беру маусымына дейін тораптар жөнделмей қалама деп алаңдайды. Қаладағы жылу жүйесінің жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асады. Оның 80% тозған. Ал істен шыққан 6 шақырым құбырды ауыстыруға бюджеттен 4 млрд теңге қаржы бөлінді. 

Ринат Қыдырбеков, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
-Алаңдаушылық мәселелері болды. Бүгінгі күні 6 шақырымының 3,950 шақырымы толық ауыстырылды. 2-3 күннің ішінде ғана, міне, 350 метр құбыр алдық, тағы 200 метрі жолда келе жатыр. Осы айдың соңына дейін мердігердің сөзінше барлық жұмыс аяқталатын болады, жылу беру үшін.