5 жыл бұрын басталған Жамбыл облысындағы туристік кешен құрылысы тұралап тұр
Оған 4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Батыс Еуропа – Батыс Қытай авто-дәлізінен 7 шақырым тас жол салынып, инфрақұрылыммен де қамтылған. Бірақ қазір кешен қаңырап тұр. Өйткені құрылыс жұмыстары 90% ғана аяқталған. Сонау Австриядан әкелінген темір қондырғыларды тот басып, ғимараттар тапсырылмай жатып шетінен тозып жатыр. Негізінен жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы басталған. Әкімдік 400 млн теңгеден аса қаражат бөлді. Кәсіпкер тағы 1 млрд теңге көлемінде қаржы қажет дейді.
Талғат Қуатбеков, Жуалы аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі:
-Мына жатқан құрылғылардың барлығы шетелден сатып алынған. Канаттық жолдың кабиналары қыста қардың, жазда жаңбырдың астында бірнеше жыл бойы жатыр. Әлі күнге дейін аяқтай алмай отыр.
Дамир Досалянов, облыстық кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы:
-Ол кісілер екінші деңгейлі банктер арқылы, мысалы, 2,5 млрдқа дейін 3 млрдқа дейін қаражат ала алады. 1 несие мөлшерлемесі 6% кәсіпкерге беріледі. Субсидиясы 5 жыл жүреді. 6% несиемен ала алады.