Петропавл қаласында биыл ғана баспаналы болған 200 отбасы тас қараңғыда бүрсең қағып отыр
16 қабатты екі үй әлі күнге дейін жылу желісіне қосылмаған. Әкімдік қызметкерлері болса, мәселе кешке дейін шешіледі деп міз бақпай отыр. Тағы бір мәселе – пәтер иелері есеп шотты аша алмайды. Өйткені үй салынған жерде біреудің қорасы тіркелген. «Сондықтан бұл мәселенің жақын арада шешілуі екіталай»,– дейді тұрғындар. Ал қыс болса қыр астында.
Әсия Нұрмағанбетова, қала тұрғыны:
- Біз келгелі ыстық су жоқ менің білетінім. Бір сөтке болды свет жоқ. Сол проблемамыз енді. Тамақ істеп іше алмай, міне қызымның үйіне тамақ ішуге кетіп бара жатырмын.
Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:
- Қазіргі таңда мердігерлер жаңағы үйде жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. Бүгінгі кешке дейін жаңағы толық бітуі тиіс. Кейін жылу да болады, жарық та болады. Қазіргі таңда тұрғындар «СЕВКАЗЭНЕРГОДА» жеке шоттар ашу үстінде. Сол ашылмағанға дейін мердігер компания өз есебінен жылуға да, жарыққа да төлейтін болады.