Хабар телеарнасы

Атыраудағы мұнай өндіретін компаниялар 2 млн тоннадай зиянды қалдық төкті

Атырау облысының экологтары 30 жылда мұнай өндіретін кәсіпорын қоршаған ортаға 2 млн тоннаға жуық зиянды қалдық төккенін айтады. Бұл жергілікті халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетіні айтпасада түсінікті. Осыған орай, табиғат жанашырлары мен тұрғындардан құралған белсенді топ құзырлы органдарға қарар дайындады. Онда мұнай өндіруші компания жылдық табысының 1% жергілікті халықтың денсаулығын оңалтып, әлеуметтік мәселерін шешуге бағыттауы шарт делінген. 

Арман Хайруллин, қоғамдық қор төрағасы:
-Әрине шешімді қабылдайтын инвесторлар, акционерлер тарабы. Бірақ халықтың тегеурінді бір жерден шыққан пікірі болса, онымен санасады деп есептейміз. Өйткені биыл түскен 25 млн доллар егер де 1% байланатын болса, бірнеше жылда 150 млн долларға дейін өсуі мүмкін. Бұл өңірдің барлық мәселелерін бірнеше жылда шешуге мүмкіндік береді деп есептейміз.