Хабар телеарнасы

Қазақтың 550 мақал-мәтелі мажар тіліне аударылды

Филология ғылымдарының докторы Әділ Ахметовтің айтуынша, бұл жұмыстар біздің туыс ел екеніміздің дәлелі іспетті. Өйткені венгр тілі фин-угор тіліне қарағанда түркі тілге жақын дейді. Тиісінше бүгін жиынға Мажарстан Ұлттық жиналысы Төрағасының бірінші орынбасары Шандор Лежак та қатысты. Елге келуді 50 жылдан бері армандаймын деген ақын, Ұлы дала мәдениеті мен тарихын аса қызығушылықпен зерттеп келген екен. Тиісінше «Кундардың суреттелген хроникасы» атты жинақтың да тұсауын кесті.

Шандор Лежак, Венгрия Ұлттық жиналысы Төрағасының бірінші орынбасары:
-Қазақтың мақал -мәтелдері адамда жақсы ой қалыптастырады. Біздің мақалдармен де мағыналас жерлері бар. Мәселен, «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген мақал бізде де кездеседі. Екі елдің мәдениетінің ұқсастығын осыдан білуге болады.