Шалғай елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетілді
Олар сапалы қызметке қол жеткізе алмай отырған алыстағы ағайынды медициналық тексеруден өткізді. Жарты жыл бойы пойыз мамандары 147 бекеттің тұрғындарын демалыссыз қабылдаған. Жұмыс барысында емдеу-консультациялық қызметпен бірге 5 мыңнан астам шағын операция жасалып, 26 мыңнан астам адамға стоматологиялық қызмет көрсетілді.
Альфия Әдиева, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры:
- Енді өздеріңіз білесіздер, ауылдарда 1 ғана дәрігер мен фельдшерлер, жай ғана медициналық бөлімдер жұмыс жасайды. Әрбір медициналық пойыз әр ауылда 2 күн тұрақтады ғой. Көбіне екпе аурулары, демікпе, инсульт, экг-ге түсуші, узи-ге түсуші тұрғындарымыз көп болған.