ШҚО-да 144 технологиялық заңбұзушылық анықталды
Мәселен, Семейдегі №1 және Өскемендегі жылу электр орталығынан техникалық талапқа қайшы 20 дерек анықталған. Жалпы Қазақстанда 60 жылдан аса жұмыс істеп келе жатқан 37 жылу электр станциясы бар. Ондағы жабдықтар 70% тозған. Осылардың ішіндегі ең апатты кәсіпорындардың бірі - жақында ғана ақау шыққан Риддер жылу электр орталығы. Аталған мекеме техникалық ережелерді өрескел бұзған.
Еркебұлан Сергебаев, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің департамент басшысы:
- Жылу электр орталығы басшыларының біліктілігінің тексеруден өтпеуі, мерзімді техникалық куәландыру жүргізілмеген. Металлды бақылау жөніндегі жоспардың болмауы, энергетикалық жабдықтардың негізгі элементтері мен басқалары техникалық диагностикадан өтпеуі.