Қостанайда студенттер үйі ашылды
Ай сайынғы төлемі жалдамалы пәтерлерге қарағанда бес есе арзан. Ғимарат жеке инвестордың қаражатына салынған. Асхана, кір жуатын бөлме және спорт залмен жабдықталған. Жоспарда монша мен шағын маркет ашу бар. Жалпы аймақ студенттерін жатақханамен қамту мәселесі мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы арқасында шешімін тауып келеді. Былтыр екі мыңдай шәкірт пәтер жалдап тұрса, биыл жатақханаға зәру студенттер саны - 320.
Әсел Таңжарық, мердігер:
- Бөлмелердің ішінде 4,6 және 8 орындық бөлмелер бар. Негізі бұл ғимарат 10 жыл бойы бос тұрған. Екіқабатты терезелері, есіктері, ештеңесі болмаған. Соның бәрін қалпына келтіріп, жалпы инвестициясы 480 млн.