Павлодарда алып инеліктің мүсіні жасалды
Темір инелікті гүлзардың үстіне қондыру жоспарланып отыр. Тапсырысты саябақты абаттандырып жатқан мердігер фирма берген. Жалпы бұл жәндікке деген павлодарлықтардың құрметі ерекше. Тіпті:«Инелікті қаланың символына айналдыру керек» — деген бастама да көтерілген. Жаз шыға Ертіс өңірінің халқы қансорғыш жәндіктерден зардап шегеді. Тек инелік шыққанда ғана зиянкестердің көзі құриды. Бір инелік екі сағатта 40 шақты шыбын-шіркейді жояды екен.
Марат Әбілқасымов, мүсінші:
-Мынау инелік темірден жасалған. Темірден жасау қиын ол, оңай емес. Сондықтан бұл декоративті скульптура. Қанаты да мынандай шынымен қапталған. Қасымда бірге істейтін жігіт, төрт жыл болды бірге істейміз осы қалада, басқа жақтарда мүсін жасаймыз. Сол арқылы жасағанбыз. Одан кейін мына инелікті жасағанда ұста да болды.