Еліміздегі кәріз құбырларының 90% тозған
Айтуынша, Көкшетау, Екібастұз, Семей мен Риддер қалаларындағы кәріз құбырларының әбден тозығы жеткен. Өткен ғасырдың 50-жылдарында пайдалануға берілген тазарту қондырғылары халықтың экологиялық жай-күйіне де әсер етіп жатыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылындағы тазарту құрылысының жұмыс істемегеніне 10 жылдан асқан. Аудан орталығының шайынды суы тікелей Күршім өзеніне, ары қарай ерекше мемлекеттік маңызы бар трансшекаралық Ертіс өзеніне құйылады. Ал Таразда кәріз тазарту қондырғысы мүлдем салынбаған.
Ольга Булавкина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жұқпалы аурулардың туындауын болдырмау үшін кәріз тазарту объектілерін жағдайы өте ауыр инфрақұрылым тізбесіне енгізу қажет. Тазарту құрылыстарын салу, жаңғырту мәселелерін шешу үшін кәріз тазарту құрылыстарын жобалау кезінде жоғары технологиялық заманауи жабдықты пайдалануды ескере отырып, бірыңғай жүйелі тәсілді әзірлеудің маңызы зор.