Хабар телеарнасы

ШҚО-да қылқан жапырақты орман күзеті күшейтілді

Осылайша мемлекеттік орман қорының 2 мың гектардан астамы жіті назарға алынды. Тек «Өскемен орман шаруашылығының» өзінде отыздан астам адам күзетке жұмылдырылды. Олар омбы қарда еркін жүретін көлік түрін де қолданады. Ал жасырын барып жасыл желекке балта шапқан адамға 300 мың теңгеден бастап айыппұл салынады. Қатаң шаралардың нәтижесі де жаман емес.

Бейбіт Омарбеков, «Өскемен орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары:
-Мобильді топтардың негізгі мақсаты орманға кіретін жолдарды қадағалап, шырша ағаштарын заңсыз кесуді болдырмау болып табылады. Осындай жұмыстардың арқасында соңғы жылдары мекеме бойынша орман заңнамаларын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.