Хабар телеарнасы

Елімізде эпидахуал ушығып тұр

Яғни 5 мыңнан астам адам осы вирус түрінен ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 8 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 2 науқас тыныс алу аппаратында жатыр. Республикамыз жасыл аймақта болса да сақтық шараларын сақтаған абзал. Себебі бүгінде тұмау мен жедел респираторлық вирус та өршіп тұр. Былтырғы жылмен салыстырғанда жедел респираторлық вируспен сырқаттанушылық 10% өсті. Респираторлық вирусты инфекцияны 2,2 млн адам, ал тұмауды 2 284 адам жұқтырған.

 

Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері: 
- Халыққа мынадай ұсынымдар береміз: халық көп жиналатын жерлерде маска қолдану, адамдар көп жиналатын орындарға балалармен баруды шектеу. Үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, қолды өңдеу үшін антисептиктерді қолдану. Тұмау және ЖРВИ белгілері байқалғанда балаларды үйде қалдыру, дәрігерді үйге шақыру.