Курчатовқа жаңа жылу орталығы қажет
Жылу желілерінің 36% ескірген. Қалада 78 көп қабатты үй мен 44 әкімшілік ғимаратқа қызмет көрсететін 4 қазандық бар. «Біздегі қазандықтар 65% ғана жұмыс істеп тұр. Осының кесірінен шаһарда әлеуметтік нысандар салуды шектеп отырмыз» дейді қала басшылығы. Курчатов әкімдігінің есебінше, жылу орталығын салуға 10 миллиард теңге қажет. Орталықты тұрғызу моноқалаларды дамыту жоспарына да енген. Соған сәйкес нысан 2025-2026 жылдары салынуы мүмкін.
Айдын Нұрланов, коммуналдық кәсіпорынның техникалық директоры:
-Біздің қаламызға үлкен жылу орталығы керек. Күніне қала бойынша 140 тонна көмір жағамыз. Оның бәрін қолмен лақтырады. Өте ауыр жұмыс, қолмен емес, автоматты түрде көмір беретін жылу нысаны керек.
Олег Чугунков, Курчатов қаласының әкімі:
-Жаңадан балабақша салынып жатыр. Оны қоссақ жылу азайып кетеді. Күрделі жөндеуді қажет ететін үйлер бар. Жылу болмағандықтан ол тұрғын үйлерді пайдалануға бере алмай отырмыз.