Өскеменде жаңа трамвайлар жолға шықты
Өскемен көшелерінде 40 жылдан соң жаңа трамвайлар пайда болды. Жергілікті ДЕПО-ға 4 жаңа вагон келді. Коммуналдық кәсіпорынның паркін жаңартуға инвесторлар 800 миллион теңгеден астам қаржы салған. Жаңа вагондардың жүріп-тұруы үшін қалада ұзындығы 4 шақырымдай рельс жөнделді. Шығыс жұртының 30% әлі күнге дейін трамваймен жүргенді жөн санайды. Елімізде Өскеменнен өзге Павлодар мен Теміртауда трамвай жүреді.