Жетісу облысындағы 220 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтеді
Облыс аумағында 850 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды. Қайтарылған өрістер байқау арқылы шаруаларға беріліп жатыр және ауылдық округтерге бекітілмек. Өйткені қазір қазақ даласының қай қиырына барсаңыз да жайылым тапшы. Ауыл тұрғындары колхоз, совхоздар тараған уақытта жер ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткенін айтады. Ескелді ауданының тұрғындары бұл тұрғыда комиссия құрылып, бір ғана шаруашылықтың еншісіндегі мыңдаған гектар жерді ауыл тұрғындарына қайтарып беру керек деп отыр.
Алтай Батырбаев, ауыл тұрғыны:
-Біздің мына сұрайтынымыз, бізге бір дұрыс адал адамды жіберсінші. Келіп тексерсін. Ана колхозный кітап бар ғой бізде, первоначальный колхоз Кирова содан бастап көтерсін. Қай жер қайда кетті? Біз осыны талай айтып та жатырмыз.
Әлібек Жақанбаев, Жетісу облысы әкімінің орынбасары:
-Біз осы қайтарылған жерлерді елді мекеннің бес километр радиусында ауылдық округтердің балансына берейік деп отырмыз.