Астанада жыл басынан бері жол ережесі 6 мың рет бұзылған
Олай дейтініміз, бас қалада жыл басынан бері жол ережесі 6 мың рет бұзылған екен. Оның ішінде 80 адам көлікті мас күйде жүргізген. Ащы суға тойып алып, екінші рет тәртіп бұзғаны үшін 7 адам жазаланды. Қалалық Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, осылай ережені елемейтіндерге 5 жыл бас бостандығынан айыру немесе 5 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 17 млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Айта кетейік, былтыр жол-көлік оқиғасынан елордада 28 адам қайтыс болған.
Әуезхан Тәжіғұлов, қалалық ПД полкі патрульдік полициясының штаб бастығы:
-Коммуналдық тұраққа 195 автокөлік орналастырылды. Елордада 3 күннің ішінде мас күйінде көлік айдаған 19 жүргізуші, ал мас күйінде көлікті басқарып, жол көлік оқиғасын жасаған 11 жүргізуші анықталды.