Ерекше балалары бар 22 ана кәсіпкерлікті үйренеді
22 ана үш ай бойы білікті мамандардан кәсіпкерліктің қыр-сырын үйреніп, шеберлік сабақтарына қатысып, заңнамалық кеңес алады. Оқу курсы аяқталған соң ұйымдастырушылар үш адамды жұмыспен қамтуға міндеттеме алып отыр. «Ал қалған 19 ана өз бизнесін бастауға дайын болады деп үміттенеміз», — дейді мамандар. Алдағы уақытта тренингті Республика аумағында өткізу жоспарланып отыр.
Людмила Хегай, жобаға қатысушы:
-Мен ерекше баланың анасымын. Ол қазір 10 жаста, оған аутизм диагнозы қойылды. Бала күтіміне байланысты ұзақ уақыт үйде отырдым. Қаржылық қиындық та жоқ емес. Сондықтан осы жобаға келдім. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Қазіргі уақытта жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркедім. Қазір тиісті құжаттар әзірленуде.