Экологтар көзге сирек түсетін дала ақбөкендерін қолға үйретпек
Сарапшылардың айтуынша, 2015 жылы ақбөкендердің 90%-ы пастереллез ауруынан қарылып қалған еді. Осы зерттеулер арқылы мамандар киік індетінің алдын алғысы келеді. Бұл жұмыстар Жәңгір хан атындағы агротехникалық университеттің тәлімбағында жасалады.
Асқар Абдрахманов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің бас сарапшысы:
- Даладағы киіктер пастереллез індетінен немесе басқа індеттерден жаппай қырылып болса, жаңағы біздің питомиктегі өсіріліп жатқан киіктер олардың барлығы оған вакцинацияланған, аурулардың барлығына төтеп бере алатындай жағдайда болады иммунитеттері. 250 млн жылына 3 жылға программамен, 750 млн теңге сұрап отырмыз киіктерді зерттеу бойынша.