Бизнеске қойылатын 10 мың талап алынып тасталады
Қазір елімізде кәсіпкерлікті жүргізу үшін 130 мыңнан астам талап бар екен. Соларға талау жасалып қайталанатын және негізсіз деген нұсқалары іріктеліпті. Енді оларды жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар биыл бизнесті мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылады. Күн тәртібінде министрлер мен әкімдердің 2022 жылы қазақстандықтармен кездесулерінің қорытындысы да қаралды. Тұрғындар тарапынан әлеуметтік және тұрғын үй нысандарын салу, экология, жолдарды жөндеу, жер мен баға мәселелері жиі көтерілген.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі файл:
-Өткен жылдың екінші жартысында азаматтардың жергілікті билікке жолдаған арыздарының саны 16%-ға артқан. Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласындағы оң тәжірибені атап өтуге болады. Ал Алматы, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тұрғындардың проблемасын шешу көрсеткіштері әліде төмен.