Хабар телеарнасы

Қарағандылық күйік шалған балалар жаңа әдіспен емделеді

Мамандар олардың күйген жеріне елде жасалған фибробластты жағатын болады. Фибробласт дегеніміз — дене тінін жасушы клеткалар. Оны зақымданған жерге жаққан кезде, бала клеткасымен тез сіңісіп кетеді. Биылдың өзінде облыстық ауруханаға 15 бала күйік шалу диагнозымен түсіп, екеуі осы әдіспен емделген. Аталған фибробласттар Қарағандыға Астанадан жеткізіліп, -86 градуста сақталады. Ота алдында оны ерітіп, спрей қалпына келтіреді де жарақат алған жерге жағады. Облыс бойынша өткен жылы 400-ге жуық бала абайсызда күйіп қалған. 

Ехлас Ақмолдаев, облыстық Балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:
-Жаңа методымыз — фибробластты қолдану. Ол өзімізде, Қазақстанда жасалатын клеткалар. Бұрынғыдай операция , пластика керек емес. Балалар тез емделіп, тез 7-10 күн ішінде науқас емделіп үйіне шығады.