Қарағанды облысында жеңіл өнеркәсіптің дамуы қарқынды
Мысалы, өткен жылы ел бойынша аталған саланың мақсатты индикаторы 48% асса, тек Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 60% еңсерген. Биыл шамамен 1 млрд теңгеге жеңіл өнеркәсіпке қажетті тауар сатып алу жоспарланып отыр. Алайда салада шешімін таппаған мәселелер де бар.
Қарағанды облысындағы алып өнеркәсіптерге қажетті арнайы киімдер мен аяқ киімдерге деген сұраныстың бір бөлігін жергілікті жеңіл өнеркәсіп иелері жауып отыр. Өткен жылғы олардың табысы - 5,2 млрд теңге. Бұл қарағандылық тігіншілердің импорттық өнімге бәсекелес блдағы уақытта жергілікті өндірістің үлесін арттыру үшін облыс әкімдігі өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізбек.
Ермағанбет Бөлекбаев, облыс әкімі:
- 2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобамен жеңіл өнеркәсіптің 23 жобасына 1 млрд теңгеге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Биыл бизнесті дамыту үшін «Кәсіпкер» өңірлік бағдарламасы шеңберінде несие беріледі. Бұл бастама да кәсіпкерлерді одан әрмен ынталандыруы тиіс.
Қазір аталған саладағы ең үлкен мәселе –кадр тапшылығы. Бүгінде бір тігін фабрикасы 80 тігіншіні жұмысқа қабылдай алады.
Шолпан Әбілдина, «ЮТАРИЯ LTD» ЖШС директорының орынбасары:
- Егер арнайы білімі жоқ немесе үйде отырған әйелдер болса, тұрақты айлық алатын жұмыс іздегендер болса, фабрика ішінде оқу орталығы ашылған. Шеберлер өздері оқытып, квалификациясын өзгертуге көмектесе алады.
Жиын қорытындысы бойынша Қарағанды облысындағы ірі бизнестің айналасында шағын кәсіпорындар белдеуі құрылатын болды. Ол өңірдегі кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге септігін тигізбек.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Зарина Зұлпыхар