Хабар телеарнасы

ШҚО-да қар көшкіні қаупі жоғары

Осыған байланысты полицейлер таулы аймақтарындағы жолдарда қауіпсіздік шараларын күшейткен. Түнгі уақытта бірқатар жол учаскелерін жауып тастайды. Мамандардың мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 10 қар көшкіні тіркелген. Қауіп сейілмегенше, шектеу шаралары жалғасын таба бермек. Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын туристік автобус қар астында қала жаздады. Абырой болғанда көшкін жол учаскесінің бір бөлігін жапқан. Жолаушылардың барлығы дін аман. Полиция қызметкерлері тұрғындарға таулы жерлерге сапарға шықпауға кеңес береді.