Қазақстандық компаниялар «UzBuild – 2023» халықаралық құрылыс көрмесіне қатысып жатыр
ТМД кеңістігіндегі ең ауқымды шара биыл Ташкентте ұйымдастырылды. Әлемнің 22 мемлекетінен 350-ге тарта компания құрылыс материалдарын таныстырды. Қазақстан көрмеге газоблок, полиуретан, тақтайша, жылу оқшаулағыш және түрлі-түсті бояу өнімдерін ұсынды. Арнайы құрылыс техникасы мен металл бұйымдар да бар. Қазақстанда жасалатын бетон тақтайшалар енді Ташкент қаласын абаттандыруға қолданылуы мүмкін. Өндіруші көрме барысында бірнеше коммерциялық келісім жасап үлгерді. Ал газоблок шығаратын зауытқа Грузияда өндіріс ашу жөнінде ұсыныс жасалды.