Атыраудағы Миялы ауылында тасқынның алдын алу жұмыстары жүріп жатыр
Атырау облысына қарасты Жасқайрат, Жангелдин ауылдарынан аудан орталығына қатынайтын күре жол уақытша жабылды. Ал аудан орталығы Миялы ауылында тасқынның алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Себебі бастауын Ақтөбе облысынан алатын Ойыл өзенінің арнасы күрт көтеріліп, 2 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенге қауіп төндірген. Ауыл маңындағы су деңгейін төмендету үшін 11 наурызда Миялы және Жангелдин елді мекендері арасындағы жолдың бір бөлігі арнайы техниканың көмегімен жырылды. Нәтижесінде судың негізгі бөлігі Жарыпшыққан өзенінің арнасымен ағып кетті. Қазір Ойыл өзеніндегі су деңгейі - 2,5 метр шамасында. Барлық қауіпті учаскелер бақылауға алынған.
Ерболат Иғалиев, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары:
-Қазіргі уақытта қауіп сейілді. Барлық тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Қазіргі таңда екі ортаға мердігер арқылы айналма жол салынып жатыр. Айналма жолды 2-3 күнде бітіру жоспарланып отыр.Бұл әзірге қардың суы оның артында сәуір айында тасқын су келеді деген жоспар бар.