Хабар телеарнасы

Түркістандағы «Этноауыл» кешенінде мерекелік шара өтті

Түрлі этно-мәдени бірлестік өкілдері ұлттық киімдерімен мерекенің сәнін келтірді. Өнерлерін ортаға салып, Түркістан аспанын әнге бөледі. Қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарын жұртшылық назарына ұсынды. Ал ақ жаулықты әжелеріміз тұсау кесу, бесікке салу, жүн түту сияқты ұлттық салт-дәстүрімізді жас ұрпақтың санасында қайта жаңғыртты. Наурыз мерекесін еліміздің басқа өңірлерінен келген меймандар ғана емес, шетелдік туристер де сүйсіне тамашалады.

Емине Сали, саяхатшы:
-Менің Қазақстанға, оның ішінде Түркістан қаласына алғаш рет келуім. Наурыз мерекесі өте әдемі өтуде. Түрлі ұлттың мәдениетімен танысып, тағамдарынан дәм таттым. Әсіресе наурыз көже қатты ұнады. Мерекеден алған әсерім шексіз. Келесі жолы мұнда ата-анамды ертіп келемін. Бұл жолы сіңілім екеуіміз келдік.