«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына енді
Бұдан былай Шымбұлақ «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» болып саналады. Оны GUINNESS WORLD RECORDS кеңсесінің судьясы Шейда Субаси-Гемиджи ресми түрде растады. Мамандардың айтуынша, әлемдік рекорд орнату үшін ең алдымен курорт қалыпты жұмыс істеуі тиіс. Оған қоса, шаңғы тебетін жол Халықаралық шаңғы федерациясының талабына сәйкес келуі керек. Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін ең жоғарғы нүкте ретінде 3100 метр биіктік белгіленген. Ал «Шымбұлақ» теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан. Сондықтан ол әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде Гиннес рекордын орнатты. Бұған дейін мұндай рекордтар ешқашан болмаған. Қазақстандағы тау-шаңғы курорты бірінші болып тіркелді.
Шейд Субаси-Гемиджи, GUINNESS WORLD RECORDS кеңсесінің судьясы:
-Қажетті құжаттардың барлығы тексерілді. Шаңғы базасына қатысты ақпаратты түгелдей қарап шықтық. Биіктігі өлшенді. Геодезистер мен арнайы мамандар жұмыс істеді. Трассаны өзіміз сынап көрдік. Жарықтандыру, жолды тегістеу жағына да оң баға берем. Барлығы талапқа сай шықты