Шымкентте интернет-алаяқтар ұсталды
Шымкентте интернет алаяқтығына қатысы бар сегіз адам құрықталды. Оның үшеуі қылмыстық топты басқарып, жеңіл олжаны кәсіп қылған. Қазір күдіктілердің басқа да іске қатысы тексеріліп жатыр. Құзырлы органға жыл басынан бері 366 адам арызданған. Алайда жәбірленушілердің саны әлдеқайта көп болуы мүмкін. Биыл прокурорлар «Алаяқтықтың алдын-алу жобасы» аясында күдіктілердің қоңырауын бұғаттайтын жаңа құрылғыны іске қоспақ. Жоба жүзеге асса кибершабуылдан зардап шегушілер анағұрлым азаяды.
Ержан Марат, қала прокурорының орынбасары:
- Қазіргі таңда осы жобаның арқасында интернет алаяқтығы 72% азайды, жалпы алаяқтық 42% азайды. Шығын биылғы жасалған 400 қылмыс бойынша 1 млрд 400 млн теңге болды. Оның 400 млн теңгесі қазіргі таңда өндірілді.