3 мың сайт пен аккаунт бұғатталды
Қаржы пирамидасымен күресу үшін жаңа Telegram-бот іске қосылды. Мұны қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Мамандар осы желілік құрал және жасанды интелект арқылы алаяқтарды анықтау жеңілдей түседі деген сенімде. Нақтырақ айтқанда бот интернет-ресурстарға шолу жасап, қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексере алады. Осындай тәсілмен биылдың өзінде 3 мыңнан аса сайт пен аккаунт бұғатталған. Сондай-ақ жыл басынан бері елімізде 12 қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алаяқтардың әрекетінен 7 мың 300 адам зардап шеккен. Шығын 600 млн теңге.
Өмірсерік Тажмағанбетов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы:
-Өткен жылдан бері қаржы пирамидаларына қатысты 17 үкім шығарылды. Нәтижесінде 27 адам сотталды. Ұйымдастырушылардың мүлкі тәркіленіп, 5-6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.