Елордалық дәрігерлер жаңа радиофармацевтикалық препарат дайындап шығарды
Ол сүйекте болатын обыр дертінің барлық түрін, сонымен қатар зақымданған сүйек ісіктерін анықтауға арналған. Осылайша 40-қа жуық маман онкологиялық ауруға оңай диагностика жасаған.
Натрий фтор — Астанадағы ядролық медицина орталығының мамандары дайындаған екінші радиофармацевтикалық препарат. Шетелдік нұсқаулық бойынша жасалған. 6 ай бойы зерттелген. Мамандар түрлі тәжірибеден өткізіп, препараттың халықаралық стандарттарға сай келетініне көз жеткізген соң ғана қолданысқа енгізіп отыр.
Сабина Ахмет, радиохимик-технолог:
-Бізде барлығы перенос технологиямен болды. Оның құрамы фтор негізінде натрий хлорид. Бір өндіріске егер толық наработка барлығын есептейтін болсақ 4-5 сағат уақыт кетеді.
Дәрігерлердің айтуынша қатерлі ісік белгілері байқалған науқасқа соңғы диагноз осы препаратты қабылдаған соң қойылады. Өйткені натрий фтор 95% сүйектегі метостаздарды көрсетеді. «Бұл күмәнді шешімдерді қабылдауға жол бермейді», — дейді мамандар. Айта кетейік, жаңа дәрілік өнім науқастың өз келісімімен ғана егіледі.
Препаратты қабылдаудың өзі бірнеше сатыдан тұрады. Дәрігердің нұсқаулығын алып, ем алушы ең алдымен жарты сағаттай демалады. Содан соң арнайы бөлмеде жаңа препаратты қабылдайды. Әрі қарай тағы бір бөлме бар. Мұнда препаратты қабылдаған емделуші тағы демалады. Өйткені дәрі бойына тарап үлгеруі тиіс. Одан соң арнайы аппаратқа барып тексеріледі.
Мақсат Жайынбаев, радиоизотопты-диагностика дәрігері
-Пациент мысалы аппаратта жатыр. Препарат тамырдан енгізілгеннен кейін сүйектің қай жерінде көп порожения бар сол жерде көбірек излучение шықты. Өздеріңіз көріп тұрғандай сүйектерге жиналады. Структурно қадағалау арқылы өзгерістер бар жерлерді метостаз бар жоғын анықтаймыз.
Қазақстан аумағында бұрын-соңды болмаған отандық өнім диагностикалық жұмыстарға сенімділік сыйлап қоймай, ұзын-сонар кезекті де жойып отыр. Орталық мамандары 2026 жылға дейін өндіріске 9 радиофармпрепарат енгізуді жоспарлаған. Үшінші өнім жазға қарай дайын болуы мүмкін.
Авторлары: Нұрлан Әбдікәрім, Дархан Күнтуов