Қонаев қаласының дизайн-коды әзірленді
Сәулетішілер Қонаев қаласының дизайн кодын әзірлеп, облыстық мәслихат депутаттарының назарына ұсынды. Жоба тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы, ақылды қала концепциясы негізінде жасалған. Онда ғимараттардың сыртқы келбетіне, көшелердің жарықтандырылуына, жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың кеңдігіне мән берілген. Архитекторлар пікірінше, қала көшелеріне велосипед жолақтары жетіспейді. Көгалдандыру аумағын да арттыру керек. Сәулетшілер ұсынысын тыңдаған депутаттар жобаға субұрқақтар мен көлік тұрақтарын қосу керектігін ескертті.
Нұрлан Құматаев, қала әкімі:
- Егер қалаға, халық игілігі үшін керек болса бәрін енгіземіз. Оныншы ықшам ауданды дамыту үшін қазір модульдік қазандық, 60 Мегаваттық подстанция жоспарланып отыр.