Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден берілді
Күні кеше ақша жеке есепшоттарына аударылды. Қазір өңірде 13 ардагер бар. Ең жасы 93-ке келіпті. Тарихи деректерге үңілсек, 1941-1945 жылдары Қарағанды аймағынан барлығы 45 мың адам соғысқа аттанып, соның 18 мыңы майданда көз жұмған. «Сондықтан ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жаужүрек сарбаздарға қандай құрмет көрсетсе де лайықты», — дейді бүгінгі буын. Біржолғы материалдық көмек соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы тұрғындарға беріледі.