Хабар телеарнасы

Дәмір Көшеев Таяу Шығысқа велосипедпен саяхатқа шықты

Велосипедпен 5 мың шақырым. Отандасымыз Дәмір Көшеев 2 айда қос дөңгелекті көлігімен 4 мемлекетті артқа тастады. Әуесқой велошабандоз саяхатты Мысыр жерінен бастап, Сауд Арабиясы мен Қатарға соғып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жеткен. Бұл – Дәмірдің алғашқы саяхаты емес. Бұған дейін ол Оңтүстік Корея мен Түркияға дейін барған. Дегенмен саяхатшы: «Таяу Шығысқа жасаған алғашқы веложорық оңайға соқпады», — дейді. 

Дамир Көшеев, велосаяхатшы:
-Мысыр елі Бейбарыс Сұлтанды құрметтейді. Елден шығарда оның атындағы мешітке баруды мақсат еттік. Каирде Абайға орнатылған ескерткішті де өз көзімізбен көргіміз келді. Қазақстанда жол ұзақ болғанымен, климат әлдеқайда жұмсақ. Бізде ауылдар бар, аз-кем демалып алуға болады. Мұнда жол, инфрақұрылым жағдайы өте жақсы. Халқы қонақжай, мейірімді. Жолаушы екенімді көріп, аялдап амандасып, ас, су әкеп берді.