Өзбекстан екі айдан кейін президент сайлайды
Мұны Шавкат Мирзиёев таяуда өткен референдум қорытындысына арналған жиында мәлімдеді. Ол өзінің қалған 3 жарым жыл өкілеттілік мерзімінен бас тартып, жаңа саяси науқан ұйымдастыру жөніндегі бастамасын жариялады. Әрі тиісті жарлыққа қол қойды. Көрші ел басшысы бұл шешімін конституцияға енгізілген өзгерістерге сай қабылдап отырғанын айтты. Негізгі құжатта елдегі билік құзіреті кеңейгені жазылған. Әрі ол президенттік мерзімді қайта нөлге теңестіріп, 7 жылдан екі мәрте сайлану құқығын береді. «Парламент, Үкімет және әкімдер алдында жаңа міндеттер тұр. Әлемдегі алмағайып ахуалға байланысты жылдам әрекет етіп, экономиканы сыртқа факторлардан қорғауымыз керек», — деді Өзбекстан президенті.