Агроөнеркәсіп кешенін дамыту — еліміздегі өзекті мәселе
Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамыту, табиғатты дұрыс пайдалану, инфрақұрылымды дұрыс жолға қою туралы көшпелі отырыс болды. Оған сенаторлар, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, осы саладағы бизнес өкілдері мен фермерлер қатысты. Енді талқыланған мәселелерді іске асыру үшін Үкіметке жаңа ұсыныстар әзірленбек.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Жақында бүкіл солтүстік өңірде егін егу науқаны басталайын деп жатыр. Міне соның алдында Аграрлық комитетің мүшелері, депутаттар шаруалармен кездесіп, кәсіпорындардың иелерімен, жұмысшылармен кездесіп, жалпы ауыл шарушалығындағы тиісті проблемаларды шешу мәселесін талқылап отырған жайымыз бар.