«Е-қызмет» порталы арқылы мемлекеттік қызметке тұру қолжетімді болады
Ал бос орынға таласатын адамның аты-жөні байқау аяқталып, жұмысқа орналасқанға дейін құпия сақталады. Бұл — жаңа, әрі отандық әдіс. Қазір жасанды интеллектке негізделген тәсіл бес мемлекеттік органда сынақтан өтуде. Келер жылдан бастап еліміздің мемлекетік қызметіне жаппай енгізу жоспарда.
Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
-Тест тапсыру. Одан кейін қабілетін анықтау. Одан кейін басшы құрамға бара жатса эссе жазу және сұхбаттан өту. Кімнің жиынтық балы көп соны жұмысқа қабылдайды. Онлайн өту тәртібі. Оған адами фактор жоламайды. Оған код бергеннен кейін кімнің қатысып жатқанын ешкім білмейді.