Елімізде жарты жылда 1,5 мың адамды ит қауып алған
«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген сөз бар. Бірақ қақпаққа иесі жауапты екенін еске алсақ, итті кінәлау жөнсіз сияқты. Елімізде жарты жылдың ішінде орта есеппен 1,5 мың адамды ит қауып алған. Бұл мәселе көпті алаңдатып отырғаны рас.
Алайда зообелсенділер адамдардың өзін кінәлап отыр. Айтуларынша, асыраймын деп алып, кейін далаға қаңғыртып жіберетіндер жетерлік. Одан қалды төрт аяқтыларды еш себепсіз қинайтындар да көбейген. Қаңғыбас иттерді атуға болмайды. Заңмен тыйым салынған.
Кинолог Серікжан Хамитұлы жарты жыл бұрын иттерге арналған бақша ашқан. Мұнда қазір 35 ит қарауда. Тиісінше кәсіпкер жануар асырау қолдарынан келмеген соң, оны далада қаңғытып жіберетіндер көп.«Ал ол иттер ертең бұралқы, қабаған иттерге айналады», – дейді. Сондықтан төбет асырағысы келетін, бірақ икемдері жоқ азаматтарға көмек ретінде осындай орын ашуды мақсат еткен.
Серікжан Мұқан, кинолог:
- Таңертең алып келгеннен энергия кетірумен, кешкісін үйге демалуға барады. Егер ит олай жұмыс істемейтін болса қараусыз қалса, жихаздарға тиіседі, көршілерді мазалайды. Агресссияға қорқынышқа айналады.
Маман осылай ел аумағында бақшаларды көбейтіп, иттерді бағу тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізеді. «Тек олардың көзі жойылмаса, қинап өлтіргісі келетіндер заң алдында жауап берсе екен», – дейді. Ал белгілі зообелсенді Мамучар Ящуев күні кеше белгісіз біреулер аузына сірке суын құйып қинаған итті тауып, аман алып қалған. Алайда жануардың қазір жағдайы ауыр. Белсенді азаматтың айтуынша, Атырауда соңғы айларда иттерді осылай қинап, жасырын өлтіру деректері көбейген.
Мамучар Ящуев, зообелсенді:
- Кім істеп жүргенін білмеймін. Бірақ барлық иттер піштірілген құлақтарына сырға тағылған адамға зақымы жоқ. Көзқарасы жақсы иттер. «Ит адамға шапқан, бүйткен, ит сүйткен», – дейді. Оның дәледі де жоқ.
Белсендінің айтуынша, «Ит адамды қауып алған» деген ақпараттардың көп тарауынан қоғамда бұл жануарға деген көзқарас пен өшпенділік артқан. «Құзырлы органдардың өлтіруге рұқсаттары болмаған соң жалдамалы не ерікті азаматтардың өзі қалқанқұлақтарды құртуға кіріскен», – дейді. Алайда мұны басым халық та құп көреді.
БЛИЦ:
- Атса ату керек шығар. Немесе дәрілеу керек шығар. Зияны тиіп жатыр ғой адамдарға.
- Атамын деген дұрыс емес деп ойлаймын. Әр тірі жан өмір сүруге лайық қой.
- Андай иттерді атуға болады да, қаңғыбас иттерді, оның ертең ауруы жұғуы мүмкін.
Заң бойынша айтсақ, итті құтырған болса, агрессия көрсетсе, ауру таратса ғана атуға рұқсат бар. Тек оның дәлелі болу керек. Ал басқа жағдайда тек гуманды жолмен аулауға тиіс. Мамандардың ақпаратына сүйенсек, елорданың өзінде 9000 қаңғыбас ит бар. Олардың 3 мыңы ұсталған. Басым бөлігі иесі жоқ болған соң арнайы питомниктерге жіберілген. Бірақ ол жерлердің өзі толып барады.
Асқар Әуелбек, қалалық «Астана ветеринария қызметі» ШЖҚ КМК директоры:
- Уақытша ұстау изоляторымыз 300 итке, екіншісі 500 итке арналған. Біздің мекемеде бүгінгі таңда 2500 ит бар. Әрине ол аз. Жер де аз.
Қазіргі таңда ел бойынша 5 мемлекеттік панажай, 79 уақытша ұстау пункттары жұмыс істейді. Экология министрлігі өңірлерде мұндай арнайы орындар жоқ болған соң иттерді өлтіру секілді заңсыздықтар орын алатынын айтады.
Бақытжан Исахаев, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:
- Оларға қатысты хаттар жолдап, тиісті құқықтық баға беру бойынша Ішкі істер органдарына хабарлама жаздық. Іс-шаралар қабылданды.
Экология министрлігі қыркүйек айынан бастап барлық иттерді чиптеп, иесіне тіркеуді де қолға алған. Жануар мен оның асыраушысы жайындағы барлық ақпараттар сол арқылы анықталады. Демек енді қауіп төндірген итті иесі «менікі емес» деп жауапкершіліктен қаша алмайды. Тиісінше белсенділер бұл бағытта салық салуды ұсынып отыр.
Нұрлан Әбдікәрім, тілші:
- Иә, бақылау күшейтілгені дұрыс. Қаңғыбас иттер азайса, олардың адамға шабуылы тыйылар ме еді? Қалқанқұлақтарды жасырын өлтіру де орын алмайды. Расымен де мынадай итті атуға немесе қаңғытып жіберуге қалай көзің қияды. Халқымыз жеті қазынаның бірі деп бағалайды. Мамандар енді заңға енетін өзгерістер жан-жақты қарастырылатынын айтып отыр. Ит адамның адал досы дейміз. Ал адамның жануарға деген достығы енді сыналмақ.
Авторлары: Нұрлан Әбдікәрім, Нұрлан Малгелдинов, Аян Сәрсенбаев