Бас прокурор: Кәсіпкерлерге қысым жасалмауы керек
Бұған жол беруге болмайды. Бұл туралы бизнесті қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте Бас прокурор мәлімдеді. Берік Асыловтың айтуынша, кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары 4 есеге қысқарған. 4,5 мыңнан астам заңсыз тексерулердің жолы кесілді. Алайда кәсіпкерлер тарапынан шағым азаяр емес. Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновтің айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда, биыл шағым саны 4 есе өскен.
Рустам Жүрсінов, ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл:
- 2015 жылы кәсіпкерлер тарапынан 17,5 мың шағым келіп түсетін болса, былтырғы 7 айда 70 мыңнан астам шағым келген. Көбіне кәсіпкерлеріміздің мемлекеттік органдардың тексерісі мен мемлекеттік сатып алулардың орындалуына көңілі толмайды.